50294
«Turan Barysy»: Түркістанда қазақ күресінен Азия Кубогі өтеді
«Turan Barysy»: Түркістанда қазақ күресінен Азия Кубогі өтеді

29 қазанда Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогі өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады.
Кубок “командалық бетпе-бет” олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.
Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдесетін болады.
Сайысты тікелей эфирден Qazsport пен TRT Avaz телеарналары көрсетеді.