- Қатысушы домбырада танымал композицияны орындап, өзін таныстырады (аты-жөні, тұрып жатқан аймағы, шығарманың атауы), бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялайды. Конкурсты ұйымдастырушыларын белгілеп (@jastar_ruhy), келесідегі хэштегтерді жазуы тиіс: #қасиеттідомбыраконкурс #жастаррухы ;
- @jastar_ruhy парақшасына тіркелу;
- Байқау өткізу кезеңінде қатысушы парақшасының ашық болуы;
- @jastar_ruhy ресми аккаунтының байқау жариялаған жазбасы астында 5 досын белгілеу (бұл байқау жеңімпаздарын анықтау кезінде ескеріледі);
- Видео форматы - Reels (16:9);
- Жас шектеулері жоқ;
- Фейк парақшалар есептелмейді және конкурстық комиссияға өткізілмейді.
Республика бойынша «Қасиетті домбыра» байқауы жарияланды

Республика бойынша «Қасиетті домбыра» байқауы жарияланды
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты тұңғыш әлеуметтік желілерде «Қасиетті домбыра» республикалық конкурсының басталғандығы жайында хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Жастар өз уақыттарының басым бөлігін әлеуметтік желілерде өткізеді. Сондай-ақ, Instagram, TikTok сынды қосымшаларда жастар арасында ұлттық болмысымыз – ұлттық аспапта да ойнау «трендке» айналуда. Осы тұста рухтастар болып олардың назарын осы байқауға бұруды жөн көрдік.
Байқаудың мақсаты - қазақ мәдениетінің қазынасы ретінде домбыраның құндылығы мен маңыздылығын көтеру және жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту. Жеңімпаздарға арнайы ақшалай және бағалы сыйлықтар қарастырылатын болады»,- деп айтып өтті «Жастар Рухы» төрағасы Нұржан Жетпісбаев.
Байқау шарттары төмендегідей: