"14 қазан күні сағат 17.26-да Павлодар қаласының полициясына Ткачев көшесінде орналасқан мектептің оқушылары арасындағы жанжал фактісі бойынша хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері үзіліс кезінде сағат 16.35-те баспалдақ алаңында 7-ші және 8-ші сыныптардың (2008 және 2009 жылы туған) екі оқушысы арасында иық соқтығысуына байланысты жанжал туындағанын анықтады. Кәмелетке толмағандардың бірі екіншісінің беті мен желке аймағына кеңсе пышағымен дене жарақатын салған, сондай-ақ өзінің оң қолының саусақтарын жарақаттаған", - деп хабарлады Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Арай Төлемісова.Кәмелетке толмағандар ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін екеуі де үйге амбулаториялық негізде жіберілген. Жәбірленушінің ата-анасы арыз беруден бас тартты. Дене жарақатын келтірген оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Павлодардағы оқушылардың неге пышақ қолданғаны анықталды

Павлодардағы оқушылардың неге пышақ қолданғаны анықталды
Полиция Павлодардағы мектептердің бірінде болған жанжал фактісі бойынша тексеру жүргізуде деп хабарлады turkystan.kz.