Түркиядағы шахтада жарылыс болды

Түркиядағы шахтада жарылыс болды

Түркиядағы шахтада жарылыс болды
ашық дереккөзі
50361
Түркияның Амасра қаласында шахтада жарылыс болып, 25 адам мерт болды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның келтірген мәліметіне сай, Амасра қаласындағы шахтада болған жарылыстан 25 адам мерт болған. Ал 11 адам дәрігерлердің бақылауында.
«Өкінішке қарай, Батын провинциясында болған апаттан 25 адам қаза болды. 11 адам ем алып жатыр. Оның біреуі ауыр халде, 4-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. 6 шахтер ұшақпен Ыстамбұл қалалық ауруханасының күйік шалған адамдарды емдейтін бөліміне жеткізілді», - делінген министрдің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында.

Серіктес жаңалықтары