Ашық диалог. Партияның XXIV Съезі туралы өңір жұртшылығының пікірі

Ашық диалог. Партияның XXIV Съезі туралы өңір жұртшылығының пікірі

Ашық диалог. Партияның XXIV Съезі туралы өңір жұртшылығының пікірі
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі мен Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалиция Форумының қорытындысы белсенді талқылануда. Мәселен, Ақмола облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында депутат Омар Шоназаров Халықтық коалицияның жуырда өткен Форумын тарихи оқиға деп атады деп хабарлады turkystan.kz. «ҚХА Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде, дәл қазіргі уақытты елімізге бірлік пен тұрақтылық қажет деп санаймын. Бұл мызғымас құндылықтар «АМАNАТ» партиясының тұғырнамасында көрініс тапқан», – деді ол.  width= Қостанай қаласында «TALQYLAU» өңірлік диалог алаңының отырысы өтті. Талқылау барысында Қазақстан Халық партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Андрей Коваль Халықтық коалицияның құрылуы – қоғамның саяси тұрғыда жетілгендігінің дәлелі екенін атап өтті. «Әрине, Қазақстанның әр азаматы өз қалауына қарай таңдау жасай алады», – деді ол. Алматы қаласындағы коммерциялық кәсіпорынның басшысы Дархан Төлеуов экономиканы дамыту мәселесіне назар аударды.  width= «Шағын және орта бизнес – бұл кез келген мемлекеттің тірегі. Сондықтан, «AMANAT» партиясы өзінің Саяси тұғырнамасында кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне баса назар аударғанына қуаныштымын», – деді ол. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Еңкес ауылында аманаттықтар минералды су шығаратын зауыттардың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. «Халықтық коалицияның белсенділері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында 400 мыңға жуық азаматтың қолын жинай алды. Әділетті Қазақстанды қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы ғана құруға болады», – деді «Күркелес» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұхит Әсілов.  width=  width=  width=