Елордада жаңа бидай сорты таныстырылды

Елордада жаңа бидай сорты таныстырылды

Елордада жаңа бидай сорты таныстырылды
ашық дереккөзі
50292
Астанада Орталық Азиядағы KazAgro (өсімдік шаруашылығы) және KazFarm (мал және ет-сүт өнеркәсібі) салалық көрмелері өтуде деп хабарлады turkystan.kz. Көрмеге қатысушылардың бірі – Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы. Қостанай облысында жұмыс істейтін Қазақстанның жетекші селекциялық орталығы мұнда еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында жақсы нәтиже көрсеткен бидай сорттарының барлық ассортиментін ұсынды. Қарабалық» АШТС басқарма төрағасы Дамир Қалдыбаев 2015 жылдан бері 15-тен астам сортты будандастыруды қолға алғандарын айтты. Сарапшы көрмеге қойылған жаңа сорт туралы да егжей-тегжейлі баяндады.
«Сонымен қатар біз көрмеге жаңа өніміміз – «Ламис» сортын ұсынуға келдік. Бұл интенсивті типтегі құрғақшылыққа да, ыстыққа да төзімді сорт. Биыл «Қарабалық» АШТС 500 тоннадан астам жоғары репродукциялы «Ламис» сортының тұқымын сатуға дайын. Жалпы, сатылым өте қарқынды жүріп жатыр. Көрме басталғалы станция 4700 тонна тұқым жеткізуге келісім-шартқа отырды. Көрме қорытындысы бойынша тапсырыс берушілер қатары көбейетіні сөзсіз», - деді Дамир Қалдыбаев.
Еске салайық, Астанада Орталық Азиядағы ең ірі ауылшаруашылық көрмесі KazAgro-KazFarm үш күннен бері өтіп жатыр. Шараға 20-дан астам елден 300-ден астам түрлі компания мен ұйымдар қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Германия, Түркия, Беларусь, Ресей, Австрия, Испания, Италия, Иран, Израиль, Қытай, Канада, Польша, Швеция және басқа елдердің өкілдері бар.

Серіктес жаңалықтары