50314
Моңғолия Вице-Премьері екі қазақстандықты марапаттады
Моңғолия Вице-Премьері екі қазақстандықты марапаттады

12 қазан Қазақстандағы Моңғолияның елшілігінде бірқатар азаматтарды марапаттау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Моңғолия Вице-Премьері Сайнбуянгийн Амарсайхан мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қатысқан жиында екі елдің арасындағы қарым-қатынасына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Вице-Премьер Сайнбуянгийн Амарсайхан мырза QazaqGeography қоғамының атқарушы директоры Орман Нұрбаевты Моңғолия Халық Республикасының «Алтын жұлдыз» орденімен және Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері, фольклортанушы Ақеділ Тойшанұлын «Достық» орденімен марапаттады.
Іс-шара аясында Моңғолия Вице-Премьерімен кездескен Дархан Қыдырәлі Түркі академиясы ұйымдастырған ғылыми экспедицияларға көрсеткен қолдауы үшін әріптесіне ризашылық білдірді. Сонымен қатар таяуда өтуі жоспарланған Орталық Азия медиа форумына шақырды.