Бүгін, 10 қазан, Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. Деректер бойынша, республикада 300 323 пациент динамикалық бақылауда. 2021 жылы психикалық ауытқулары бар 9 918 пациент және тәуелділігі бар 13 361 пациент есепке алынды. Психикалық денсаулық саласында мамандандырылған көмекті 2 республикалық, 17 өңірлік психикалық денсаулық орталығы (облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда бір-бірден), 83 бастапқы психикалық денсаулық орталығы (қалалық емханалар жанында), 192 кабинет (аудандық емханалар жанында) көрсетеді.
Жүктелуде...