Атырауда республикалық Жұмекен оқулары өтті

Атырауда республикалық Жұмекен оқулары өтті

Атырауда республикалық Жұмекен оқулары өтті
ашық дереккөзі
50201
Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов атындағы «Елім менің!» атты  көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап. Байқауға 18-35 жас аралығындағы еліміздің әр өңірінен келген 13 қатысушы қатысты. Байқау шарты бойынша олар кәсіби актерлар және өнер саласының кәсіби мамандары болмауы тиіс болатын. Байқауға қатысушылар Жұмекен Нәжімеденовтің поэзиялық және прозалық шығармаларынан үзінді оқыды. Дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынды, қатысушылар мәтіндерді жатқа білулері тиіс. Қазылар алқасы қатысушыларды көркем мәтінді оқу шеберлігі, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына қарап бағалады. Жұмекен Нәжімеденовтің қызы Айкен Нәжімеденова сайысқа келген қатысушыларға алғысын білдірді.
- Атырау - менің туған жерім, әкемнің құрметіне ұйымдастырылған байқауға Алматыдан келіп тұрмын. Осындай үлкен шараны өткізіп жатқан атыраулықтарға айтар алғысым шексіз. Бәріміз бірге қатысушылардың әкемнің туындыларын тебіріне оқып жеткізгендерін, елжірей қарап, тамашаладық,- деді А.Нәжімеденова.
Қазылар шешімімен бас жүлде алматылық Аршын НҰРБАҚЫТҚА бұйырды. Жетісулық Аршын АЙДЫНБЕКҰЛЫ бірінші орынға ие болса, түркістандық Ержан ЖОЛДАСОВ екінші орынға, батысқазақстандық Бекзат ВАСИХАН үшінші орынды иеленді.  Қалған қатысушыларға алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Серіктес жаңалықтары