Саяси тұғырнама партияның алдағы жиырма жылдықтағы бағытын анықтайды – депутат

Саяси тұғырнама партияның алдағы жиырма жылдықтағы бағытын анықтайды – депутат

Саяси тұғырнама партияның алдағы жиырма жылдықтағы бағытын анықтайды – депутат
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Елнұр Бейсембаев «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV съезінде партияның жаңадан бекітілетін Саяси тұғырнамасына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz
«Біріншіден, Саяси тұғырнама партияның жиырма жылдық тарихында алғаш рет қазақ тілінде жазылды. Бұл аса маңызды өзгерістердің бірі деп есептеймін. Осы елдің Тәуелсіздігі осындағы титулды ұлтқа байланысты. «AMANAT» партиясының бұл тұғырнамасы – елдегі 70 пайыз қазақтың пікірін көрсететін тұғырнама. Екінші, Саяси тұғырнамамыз жаңарған принциптері, бағыт-бағдары анықталды. Сондай-ақ жаңа құжатта ауыр, құрмалас сөйлемдермен емес, жеңіл, азаматтарға түсінікті тілде жазылды. Саяси тұғырнама ол бүкіл мәселені шешетін басты құжат деуге келмес. Алайда партияның алдағы жиырма жылдықтағы бағыттарын анықтайтын біздің негізгі қағидаттарымыз», - деді депутат.