«Дауыл соғады»: 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Дауыл соғады»: 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Дауыл соғады»: 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Еліміздің бес өңіріне ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. 5 қазанда Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының орталығында дауыл соғады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік-шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с. Шымкентте шығыстан 15-20 м/с жел соғады.