ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті

ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті

ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті
ашық дереккөзі
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті деп хабарлады turkystan.kz. Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт – 21 сәуір. Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға келеді. Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.  width=