Ойыншық тапаншамен қорқытқан: ер адам 4 млн теңгені тонап кеткен

Ойыншық тапаншамен қорқытқан: ер адам 4 млн теңгені тонап кеткен

Ойыншық тапаншамен қорқытқан: ер адам 4 млн теңгені тонап кеткен
ашық дереккөзі
Қарағандыда ойыншық тапаншамен қорқытып, ойын клубынан 4 миллионға жуық ақша ұрлаған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 30 қыркүйекте сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қаладағы ойын клубтарының бірінде қарақшылық шабуыл болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлеріне клубтың қызметкері үнемі осы мекемеде ойын ойнап жүрген клиенттің бірі тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткенін түсіндірді. Күдікті кассадағы 3,9 млн теңгені қолды қылып, оқиға орнынан ізін суытқан. 34 жастағы күдікті азамат анықталды. Ол сол мекемедегі ойын барысында қомақты қаржысынан ұтылып қалғанын, оның орнын толтыру мақсатында осындай іске барғаны туралы мойындады. Ол бұндай іске бару үшін ойыншық тапанша сатып алған. Күдіктіден айғақ зат тәркіленді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.