Сенбі, 10 Желтоқсан, 2022

Абай облысындағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлінеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz Ақордағы сілтеме жасап.

«Облыста қазіргі заманға қажетті, жоғары деңгейдегі, білікті мамандар даярлау үшін нақты шаралар қабылдануы керек. Осы орайда, Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет. Аймаққа қажетті кадрларды дайындау үшін тиісті стандарт әзірлеген жөн. Жастарымыз сапалы білім алып, туған өлкесін дамытуға үлес қосуға тиіс. Сол себепті, облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырамын», – деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін Абай облысына жұмыс сапарымен барды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button