«Ұлы дала жорығы»: Маңғыстау облысының командасы бас жүлдеге ие болды

«Ұлы дала жорығы»: Маңғыстау облысының командасы бас жүлдеге ие болды

«Ұлы дала жорығы»: Маңғыстау облысының командасы бас жүлдеге ие болды
ашық дереккөзі
1 200 шақырым «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесі аяқталды. Мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен Маңғыстау облысының командасы деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Dastan Myrza Facebook-тегі парақшасында жазды.
 «Ал, сүйінші, ағайын! Ұлытаудан Түркістанға созылған 1200 шақырым додада Маңғыстаудың Көкмойнақ командасы бас жүлдеге ие болды. Енді "Адай жылқысын" Бекболат Тілеуханша қазақ жылқысы демей, породасын ресми Адай жылқысы деп реестрге бекіте берсе де болатын шығар (бұрын СССР-дің кезінде Адай жылқысы деген порода болып еді негізі). Маңғыстаудың қатал табиғатына адамы қандай төзімді болса, жылқысы да сондай...» деп жазды ол.
Айта кетейік, жарысқа еліміздің әр өңірінен 5 адамнан құралған 19 команда қатысты.  Шабондаздар Астана қаласынан Түркістанға дейінгі 1 200 шақырымды 12 күнде жүріп өтті.  width=  width=