Сенбі, 10 Желтоқсан, 2022

Василий Левит Антикордың лауазымды қызметіне тағайындалды

Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің қатарына қосылды деп хабарлады turkystan.kz.

«Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылады», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Левит – екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокс бойынша халықаралық және Ұлттық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін Левит II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты басталды!

1XBET компаниясы баталияларды бірге бақылауды ұсынады және ойыншыларға жоғары коэффициенттер, сондай-ақ кең желі ұсынуға кепілдік береді!

Өз фавориттеріңізге футбол эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге жанкүйер болыңыз!

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button