Мемлекеттік шекараны бұзушы ұсталды

Мемлекеттік шекараны бұзушы ұсталды

Мемлекеттік шекараны бұзушы ұсталды
ашық дереккөзі

Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасында шекара бұзушы ұсталды. Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Дархан» заставасының шекара наряды мемлекеттік шекараны өзінің қалауынша бұзып өтуге тырысқан азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Басқару пультіне сигнал түскен сәтте шекара заставасы «Дабыл» белгісі бойынша атқа мінді. Аталған участокқа келіп жеткенде, шекарашылар қоршау шарбағын бұзып өткен әлдекімнің ізін байқады. Із бойынша қарағанда шекара бұзушы Қазақстаннан Өзбекстанға қарай кетіп бара жатқанға ұқсайды.

Көп ұзамай шекарашылар шекара бұзушыны ауыздықтады. Ол 32 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Қалтасынан 530 АҚШ доллары, діни сипаттағы кітаптар табылды. Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын 2012 жылдың қаңтар айында өткізу бекетінен тыс жерде кесіп өткендігі анықталды. Енді еліне қарай қайтып бара жатқан беті екен.

Аталған дерек бойынша ОҚО Сарыағаш аудандық прокуратурасы хабарландырылды.