Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ жаттығуларына қатысудан бас тартты

Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ жаттығуларына қатысудан бас тартты

Армения Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ жаттығуларына қатысудан бас тартты
ашық дереккөзі
Армения Әзербайжанмен шекарадағы жағдайға байланысты 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қазақстанда өтетін ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің оқу-жаттығуларына қатыспайды. Бұл туралы turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Армян-әзербайжан шекарасында туындаған жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі Армения Республикасының Қарулы күштерінің алдына қойған міндеттерін  негізге ала отырып, ҰҚШҰ шеңберінде Қазақстан Республикасында өткізілетін оқу-жаттығуларға қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады», – деп жазылған хабарламада.