Сырттан келгендерге жеңілдіктер берілмейді – Тоқаев

Сырттан келгендерге жеңілдіктер берілмейді – Тоқаев

Сырттан келгендерге жеңілдіктер берілмейді – Тоқаев
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы тұрғындарымен кездесу барысында ресейліктердің келуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақта «Көршімен татудың көңілі тоқ» деген сөз бар. Ең бастысы, іргелес елдермен тату болуымыз керек. Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев осындай күрделі жағдайда біз ең алдымен адамгершілік, сабырлылық, ұйымшылдықты танытуымыз керектігін айтты.
Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі. Біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз. Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек, - деді Мемлекет басшысы.