«Алтын глобус» кімге бұйырды?

«Алтын глобус» кімге бұйырды?

«Алтын глобус» кімге бұйырды?
ашық дереккөзі
Лос-Анджелесте кино әлеміндегі беделді жүлде – «Алтын глобус» сыйлығы табысталды. 74-ші мәрте ұйымдастырылған салтанатты рәсім «Беверли-Хилтон» қонақ үйінде өтті. Сонымен, киножүлденің биылғы иегерлері кімдер?  Екінші пландағы үздік ер адам рөлі: Аарон Тейлор-Джонсон («Қараңғы түнде» - «Nocturnal Animals»). Драмалық сериалдағы үздік актер: Билли Боб Торнтон («Голиаф»). Телесериалдағы үздік актриса (комедия немесе мюзикл): Трэйси Эллис Росс («Қара нәсіл» - «Black-ish»). Үздік телевизиялық сериал (комедия немесе мюзикл): «Атланта». Фильмге үздік музыка: Джастин Гурвиц («Ла-Ла Ленд»). Үздік ән: City Of Stars («Ла-Ла Ленд»). Екінші пландағы үздік актриса: Виола Дэвис («Шектеулер» - «Fences»). Үздік актер: (комедияда немесе мюзиклде): Райан Гослинг («Ла-Ла Ленд»). Үздік сценарий: Дэмьен Шазелл («Ла-Ла Ленд»). Үздік анимациялық фильм: «Зоотопия». Шет тіліндегі үздік фильм: «Келіншек» («Her» Франция).