Ұлттар лигасы аясында сәтсіз өнер көрсеткен Франция құрамасы соңғы кездесуде де жеңіске аса құлықты бола қойған жоқ. Француз футболшыларын Даниядан келген жігіттер тұқыртып тастады деп хабарлады turkystan.kz. Сондай-ақ өзге матч нәтижелеріне сәйкес кубок үшін күреске нақты кімдер өткенін қысқаша саралап көрдік. Хорваттар Дания мен Франция арасындағы матч нәтижесіне мән берместен, австриялықтарды 3:1 есебімен жеңіп, үш ұпай еншіледі. Нидерланды құрамасының Бельгиямен болған кездесуі Ван Дейктің шешуші голы соғылмағанда тең есеппен аяқталар еді. Ал Австрия мен Уэльс өз тобында соңғы орын алып қалғандықтан А лигасымен қоштасады. Ал төменгі лигада шеберлік байқасқан Түркия мен Қазақстан В лигасына шығатын мүмкіндіктерін уақытынан бұрын айқындап алған еді. Сондықтан болар, қос құрама да соңғы кездесулерінде жеңілді. Нақтырақ айтқанда, Түркия Фарер аралдарына 1:2 есебімен ұтылса, Қазақстан Әзербайжаннан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Жүктелуде...