Болгария шекарасындағы шу басылар емес

Болгария шекарасындағы шу басылар емес

Болгария шекарасындағы шу басылар емес
ашық дереккөзі
Жұма күні болгар-түрік шекарасына жақын Хасково облысындағы Свиленград және Тополовград аудандарында заңсыз мигранттардың кесірінен жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы облыс әкімі Минко Ангелов мәлімдеген.
«Төтенше жағдай режімі 23 қыркүйек күні түстен бастап енгізіліп, 29 қыркүйек күні сағат 12:00-ге дейін жалғасады. Оның себебі - шекаралас аймақтардағы көші-қон қысымының күшеюіне байланысты жағдайдың күрделенуі. Осыған байланысты адам өлімінің алдын алу және тұрғылықты халықтың меншігіне және ел экономикасына, сондай-ақ қоршаған ортаға залал келмеуін бақылаймыз», - деді Минко Ангелов.
Nova TV телеарнасы дәл осындай шаралардың Бургас және Ямбол облыстарында да жүргізіліп жатқанын хабарлады. Болгария Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Түркиядан елге 103 998 мигрант заңсыз өтпек болған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе көп. Тек соңғы аптаның өзінде 6 264 шекарадан өту әрекеті тіркелді.