Футзалдық «Қайраттың» бас бапкері Рикарду Кака Ұлттар лигасындағы жетістігінен кейін футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Магомед Адиевті құттықтады деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстан Туы мен Әдиевтің суретін салып: «Құттықтаймыз, мырза! Жарайсың, алға» деп жазды Кака. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Адиевтің шәкірттері бес турдан кейін 13 ұпай жинап, С лигасының үшінші тобын мерзімінен бұрын жеңді. Қорытынды матчта қазақстандықтар сырт алаңда Әзербайжанмен ойнайды. Кездесу 25 қыркүйекте өтеді.
Жүктелуде...