Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Александр Бублик Франциядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирін жеңіспен бастады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 208-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған франциялық Эван Фернеспен өткізді.

Бірінші партияда франциялық спортшы 7:5 есебімен басым түсті.

Екіншісінде А.Бублик есе қайырды – 6:4.

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:5).

Екі сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 14 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді.

Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 51-ракеткасы, финляндиялық Эмил Руусувуоримен шеберлік байқасады.

А.Бублик жұптық сында да сәтті өнер көрсетуде. Ол италиялық Лоренцо Музеттимен бірге нидерландылық Робин Хасе – аустриялық Филипп Освальдты 7:6 (8:6), 6:3 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Қазақстандық-италиялық жартылай финалға шығу доданың 3-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю – Эдуар Роже-Вассленмен таласады.

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты басталды!

1XBET компаниясы баталияларды бірге бақылауды ұсынады және ойыншыларға жоғары коэффициенттер, сондай-ақ кең желі ұсынуға кепілдік береді!

Өз фавориттеріңізге футбол эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге жанкүйер болыңыз!

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button