Павлодарлық 4 оқушыдан ShigellaSonne тектес бактериялар анықталды

Павлодарлық 4 оқушыдан ShigellaSonne тектес бактериялар анықталды

Павлодарлық 4 оқушыдан ShigellaSonne тектес бактериялар анықталды
ашық дереккөзі
Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданында оншақты оқушы асхана тамағынан уланып қалды деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 9 қыркүйек күні таңғы тоғызда санэпидемиологтарға №2 жалпы орта мектебінің оқушылары тамақтан уланды деген шұғыл хабарлама келіп түскен. Төртеуі сол күні күндізгі сағат үште медициналық көмекке жүгінген. Олардың барлығы -  жалпы білім беру мектебінің  оқушылары.
- Сол күні сағат 20:40-та осы мектеп оқушысынан соңғы шұғыл хабарлама  түсті, - деп хабарлады облыстық Санэпидбақылау басқармасында. - Балалар құсу, іштің ауруы, диарея мен дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне шағымданды.
Тоғыз баланың ішіндегі ең кішісі - даярлық сынып оқушысы, ең үлкені – тоғызыншы сынып оқушысы. Шарбақты аудандық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Мекишевтің айтуынша, бес адамға қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, амбулаторлық емделуге жіберілді. Төрт бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Санэпидемиологтардың болжамынша, оқушылар мектеп асханасында улануы мүмкін, өйткені олардың бәрі сол жерден тамақтанған. Дегенмен мұндай болжам әлі расталған жоқ.
– Эпидемиологиялық тексеру барысында 7 және 8 қыркүйекте балалар рожки, котлеттер, қарақұмық, қызылша жеп, алма шырыны мен компот ішкені анықталды, – деді облыстық Санэпидбақылау басқармасында.
Мамандар мектеп асханасында жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады.  Олар қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерліктің қызметкерлерін тексереді.  Ауызсу мен өнімдерге талдау жасалады. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері әлі дайын емес. Бірақ №2 ЖОМ-да аспаздың жұмысқа рұқсатының болмауы, тәуліктік сынамаларды сақтау шарттарының бұзылуы сияқты бірнеше заңбұзушылық тіркелді. Сонымен қатар ауруханаға жатқызылған балаларда ShigellaSonne тектес бактериялар анықталды. Олар тамақтан улануы мүмкін екенін көрсетеді. №2 ЖОМ-да тамақтан уланудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.