Елімізде «Қызықты ғылым» жобасы басталды

Елімізде «Қызықты ғылым» жобасы басталды

Елімізде «Қызықты ғылым» жобасы басталды
ашық дереккөзі
География пәні мұғалімдері мен оқушыларға арналған «Қызықты ғылым» жобасы басталды деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласында семинарлардың алғашқы бөлігі өтті. Аталған жобаны «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Kazmedia Holding» жүзеге асыруда. Семинарларда мұғалімдерге 134 жылдық тарихы бар National Geographic журналының ресурстарын тиімді қолдану әдістері таныстырылады. Жоба екі мақсатты көздейді. Біріншісі - әлемдік деңгейдегі сапалы ғылыми контенттердің қазақ тіліндегі қолжетімділігін кеңейту. «Шеврон» компаниясының атсалысуымен жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысының және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының мектептеріне журнал топтамалары тегін тапсырылады. Жобаның екінші мақсаты - қоғамда ғылымға деген қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру. Соған орай, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына семинарлар өткізіліп, ғылыми-ресурстарды сабақ барысында қалай қолдану керектігі түсіндіріледі. Айта кетсек, National Geographic журналы 2016 жылдан бері қазақ тілінде шығып, оқырмандарға ұсынылып келеді.