Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті
ашық дереккөзі
Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті деп хабарлады turkystan.kz. Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айдос Сұлтанғали қола медальге ие болды. Ол үшінші белдесуде венгриялық Кристиан Кечкеметті 7:1 есебімен жеңді. Аталған әлемдік сында Айдос жартылай финалға дейін сүрінбей, финал жолдамасына таласта қырғыз балуанына есе жіберген болатын.