Халықтың басым бөлігі елорданың атауы қайта «Астана» болып өзгеруі мүмкін деген жаңалықты құптайды. Себебі, бұл атау халықтың әбден құлағына сіңіп қалған әрі үйреншікті атқа айналған деп хабарлады turkystan.kz Аstanatv.kz-ға сілтеме жасап. «Астана» атауын қайтару туралы халықтың пікірін сұрап көрген едік. Бірнешеуін тындап көрейік. БЛИЦ: - Бұрында «Астана» болып, столица болғаннан кейін қойды ғой «Астана» деп атын. Сол үшін қалғаны дұрыс - «Астана» болып. - «Астана» дұрыс сияқты ғой енді. Жастарға да, былай көзімізде үйреніп қалды ма, Астана дегенге. Әлі де «Астана» деп айтамыз, «Нұр-Сұлтан» демейміз ғой. - Көзқарасым дұрыс, оны қайтару керек. Астана жарасады ғой. Адамның атынан болмайды ғой. Әдемі ғой, жақсы естіледі құлаққа. Нұр-Сұлтан дегеннен Астана деген дұрыс. - Халық қолдамаған нәрсені істеу дұрыс деп санамаймын. Сондықтан да Нұр-Сұлтанның атын Астана деп немесе қазақтың ескі аттарына ауыстыру, бұл түбегейлі дұрыс шешім деп қабылдаймын. - «Астана» деген атауға үйреніп қалған едік. Ал «Нұр-Сұлтан» деп өзгерткенде, мұны қабылдай алмадық. Бұрынғы атауына қайта оралғаны жақсы, әрине. Мен өз ортамда да әлі күнге дейін «Астана» деп айтып жүремін.