«Канело» жекпе-жек алдында Головкинге қатысты мәлімдеме жасады

«Канело» жекпе-жек алдында Головкинге қатысты мәлімдеме жасады

«Канело» жекпе-жек алдында Головкинге қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өтетін үшінші кездесуінің алдында оған жоғары баға берді деп хабарлады turkystan.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. Дегенмен, «Канело» 40 жастағы Головкиннен шеберлігінің басым екендігіне күмәмданбайтынын жеткізді.
"Сөз жоқ, ол - мықты боксшы. Сонымен қатар ол - қиын қарсылас, айлакер жекпе-жек шебері. Ол - өз заманындағы даңқты спортшылардың бірі.  Мен - бұл спорт түрінен біраз жетістіктерге жеткен мықты боксшымын.  Спаррингтерім де көп болды. Қазір менің күш-қуатым мықты болып тұрған уақыт. Менің Головкиннен ерекшелігім де осында", – деп мәлімдеді Альварес Matchroom Boxing-те .
Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Қазақстанда 18 қыркүйек күні таңда) өтеді.