Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін

Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін

Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, үсік жүруі мүмкін
ашық дереккөзі
Қазгидромет синоптиктері 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстік-шығысы әлі де циклондық атмосфералық фронттардың ықпалында болатындықтан, солтүстік-батыста, батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болады. Республика бойынша жел күші 15-23 м/с, күндіз батыста шаңды дауыл болады. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түнде Ақмола облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүруі мүмкін. Түнде Қостанай, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстанның солтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.