Қазанда өткен кинофестивальде «Мұқағали» фильмі арнайы жүлде иеленді

Қазанда өткен кинофестивальде «Мұқағали» фильмі арнайы жүлде иеленді

Қазанда өткен кинофестивальде «Мұқағали» фильмі арнайы жүлде иеленді
ашық дереккөзі
Белгілі қазақстандық режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі XVIII қазан Халықаралық мұсылман кинофестивалінің негізгі байқау бағдарламасында қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды деп хабарлады turkystan.kz. Негізгі байқау бағдарламасына 10 картина, Түркия, Қазақстан, Үндістан, Иран, Бангладеш, Ресей, Египет, Шри-Ланка фильмдері, сондай-ақ копродукцияда түсірілген екі таспа ұсынылды. Биыл әлемнің 44 елінен барлығы 625 өтінім тіркелді. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген кинотаспа аты аңызға айналған қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. в