Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Атырауда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
11 қыркүйек күні Атырау қаласы Балауса ықшамауданында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды деп хабарлады turkystan.kz. Полиция департаменті хабарлағандай, жедел жәрдем екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігіне соқтығысқан.
«Жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің екі жолаушысы және Toyota жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.