Қостанай облыстық сотының судьясы қамауға алынды

Қостанай облыстық сотының судьясы қамауға алынды

Қостанай облыстық сотының судьясы қамауға алынды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы екі айға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы А.Х.Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы сотының хабарламасында.
Еске салсақ, Жоғарғы сот 17 тамыз күні ҰҚК мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.