Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі пара алу кезінде ұсталды

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі пара алу кезінде ұсталды

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі пара алу кезінде ұсталды
ашық дереккөзі
Бұл туралы turkystan.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталды.
«Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген хабарламада.
ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.