Бүгін Атырауда Қуат Хамитовтың жекпе-жегі өтеді

Бүгін Атырауда Қуат Хамитовтың жекпе-жегі өтеді

Бүгін Атырауда Қуат Хамитовтың жекпе-жегі өтеді
ашық дереккөзі
Бүгін, 10 қыркүйек күні Атырауда аралас жекпе-жектен Mergen Fighting Championship 3 турнирі өтеді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Тікелей эфир Нұр-Cұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. UFC 3 турнирінің хедлайнерлері қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-7-2) және ресейлік Василий Бабинцев (6-6) болмақ. Файткардта барлығы он үш жекпе-жек жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда Хамитовтың қарсыласы украиналық Зака Фатуллазаде (19-12) болуы керек еді. Бірақ ол визалық мәселеге байланысты келе алмады. Қуат Хамитов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізді. Ол Нұрберген Шәріповпен (10-3) жұдырықтасып, бірінші раундта жеңіліп қалған болатын. Василий Бабинцевке келетін болсақ, ол 2021 жылдың маусымында Евгений Поскотиннен (4-1) мерзімінен бұрын жеңілгеннен кейін алаңға шықпады.