Ардақ Ерубаеваға қатысты оқиға барысы министрлік назарында

Ардақ Ерубаеваға қатысты оқиға барысы министрлік назарында

Ардақ Ерубаеваға қатысты оқиға барысы министрлік назарында
ашық дереккөзі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналист Ардақ Ерубаеваға қатысты оқиға барысын өз құзыреті шегінде мұқият қадағалап отыр деп хабарлады turkystan.kz ведомство басшысының фейсбуктегі жазбасына сілтеме жасап.
«Министрлік бұл жағдайдың заң аясында шешілетініне сенімді. Естеріңізге сала кетейік, Ата Заңның 20-бабы сөз бостандығына кепілдік береді. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасауға жол берілмейді. Сонымен қатар әріптестеріміздің де жауапкершілік жүгін сезініп, заң талаптарын сақтағаны жөн деп есептейміз» деп жазды Дархан Қыдырәлі.