Астана келіссөзіне байланысты Сирияда атыс тоқтатылады

Сирияның оппозициялық қарулы топтары Астанада өтетін бейбіт келіссөзге дайындықты тоқтатты. Себебі ел аумағында атысты доғару туралы уағдаластық бірнеше рет бұзылған.

Осыған байланысты Сирия еркін әскері бастаған 12 топ мәлімдеме жасап, үкіметтен келісімді сақтауға шақырды. Өйткені әскерилер бірқатар елдімекенде бүлікшілерді оқтың астына алған. Ал билік болса қарулы топтар әскерилердің бекіністерін атқылады дейді.

Сөздеріне сенсек, сарбаздар тек «Ирак және Левант» лаңкестік тобы мен «Джебхат ан-Нусра» содырларын нысанаға алған. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада үкімет пен қарулы оппозиция атысты тоқтату туралы мәмілеге келіп, дағдарысты шешуге арналған бейбіт келіссөзді бастауға келіскен. Алайда олар елде әр кезде жарияланған бейбіт бітімді жиі бұзып келіпті. Женева-2 келіссөзі де оппозицияның бастамасымен 3 рет кейінге шегеріліп, өткен жылы ақпанда біржола тоқтаған еді.

 

Back to top button