Нұржан Қуантайұлы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің деканы болып тағайындалды

Нұржан Қуантайұлы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің деканы болып тағайындалды

Нұржан Қуантайұлы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің деканы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Нұржан Қуантайұлы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Нұржан Қуантайұлы 1971 жылдың 22 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Үлгілі ауылында дүниеге келген. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1993-1994 жылдары Қазақ радиосында аға редактор, шолушы; 1995-1996 жылдары Қазақстан Журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті; 1996 — 2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент; 2000 — 2002 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы; 2002 —2004 жылдары «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы; 2004 —2005 жылдары «Айқын» газетінің саяси шолушысы; 2005 — 2009 жылдары «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» Меdіахолдингінің бас директоры қызметін атқарған. Айта кетсек, бұған дейін ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің деканы қызметін Сансызбай Мәдиев атқарған еді. Ол бұл қызметке 2021 жылдың жазында тағайындалған болатын.