Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына әкім тағайындалды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына әкім тағайындалды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
Алтай Досымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Алтай Мәшікұлы 1962 жылы 10 ақпанда Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1988 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша оқып бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық совхозында жұмысшы болып бастаған. 1980-1982 жылдары әскер қатарында болды. 1982-1983 жылдары Алматы облысы Шелек ауданы А. Саттаров атындағы совхозда жұмысшы. 1988-1992 жылдары Алматы облысы Шелек ауданы «Асы» темекі совхозында экономист, бас экономист, кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевский» асыл тұқымды құс совхозы директорының орынбасары. 1997-1999 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевка» «Алтын диірмен» ЖШС асыл тұқымды құс фабрикасы директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы. 1999-2002 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық экономика бөлімінің бастығы. 2002-2003 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «НАСС» ЖШС қаржы саласы директоры. 2003-2005 жылдары «Ақжол» ЖШС директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары Шелек селолық округінің әкімі. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.