Депутаттар елорданың бұрынғы атауын қайтармақ (ВИДЕО)

Депутаттар елорданың бұрынғы атауын қайтармақ (ВИДЕО)

Депутаттар елорданың бұрынғы атауын қайтармақ (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Мәжіліс қабырғасында елорданың қазіргі атауына байланысты мәселе көтерілді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар қызметі ақпарат таратты. Парламенттің төменгі палатасындағы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері бас қаланың «Астана» атауын Ата Заңға енгізу керек деп есептейді. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері Президентті 7 жылға бір мерзімге сайлау бастамасын да қолдайтындарын жеткізді. Сонымен қатар жаңа талаптарға сәйкес осы жылдың күзінде Мемлекет басшысының сайлауын өткізуді құптады.
- Біріншіден, біз Қазақстан Республикасы Президентін жеті жылға бір мерзімге сайлау бастамасын қолдаймыз. Екіншіден, Конституцияға өзгерістерді қазір енгізіп, Президент сайлауын жаңа талаптарға сәйкес осы жылдың күзінде өткізу қажет деп санаймыз. Жалпы, бұл -  мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, елімізді орнықты дамытуға жол ашатын маңызды қадам. Үшіншіден, Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол - елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және қаланың жаңа атауын халық та қабылдамады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді. Бұл - Тұңғыш Президенттің бас қаламыздың құрылысын салдырудағы еңбегін де бағалау және халқымыздың ұсыныс-пікірін де ескеру, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.
Әділдік іздеген депутаттардың бұл бастамасы қаншалықты жүзеге асатыны әзірге белгісіз. Дегенмен бұрынғы қала атауын қайтаруға білек сыбана кірісіп кеткен сыңайлы.