NHK телеарнасының хабарлауынша, ол бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэге жасалған шабуыл кезіндегі қауіпсіздік жүйесінің кемшіліктері үшін өзін жазықты санайды.
Оның өтініші 26 тамызда Үкімет отырысы кезінде қаралады.
Сондай-ақ құқық қорғау органдарының әрекеті тексеріліп жатыр. Содан соң Жапонияның қауіпсіздік жүйесі түбегейлі реформаланбақ.
Айта кетейік, премьер-министр Синдзо Абэ биылғы 8 шілдеде кісі қолынан қаза тапқан еді.