Халықаралық шахмат фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Халықаралық шахмат фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Халықаралық шахмат фестивалінің жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
24 тамызда Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясының ұйымдастыруымен Атырауда халықаралық шахмат фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Байқауға Қазақстан, АҚШ, Нидерланд, Литва, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей сияқты әлемнің 9 елінен 300-ге жуық ойыншы қатысты. Фестивальдің жалпы жүлде қоры – 13 257 500 теңге. Іс-шара барысында фестивальдің үш турнирінің жеңімпазы анықталды: Atyrau Open (2-ші разрядтан төмен емес спортшылар үшін), Atyrau Juniors (3-ші разрядтан төмен емес, 2006 жылы туған және одан кіші спортшылар үшін), сондай-ақ блиц-турнир (3 разрядтан төмен емес спортшылар үшін).  width=
Фестивальдің 80-нен астам қатысушысы соңында медаль, диплом немесе қаржылай сыйлықтың иегері атанды. Олардың арасында халықаралық гроссмейстерлер, жаңадан бастаған жас спортшылар мен ардагерлер бар.
Фестиваль аясындағы ойыншылардың құрамы жағынан Atyrau Open турнирі басты назарда болды. Жеңіс үшін танымал кәсіпқойлар – халықаралық гроссмейстерлер, белгілі шеберлер мен шахматшылар тартысты ойын өкізді.  width= Бұл турнирде әйелдер арасында Алуа Нұрманова (3-орын), Назерке Нұрғали (2- орын) және Екатерина Борисова (1-орын) жеңімпаз атанды. Ерлер арасында Сергей Тивьяков (3-орын), Арсений Нестеров (2- орын) және Тимур Гареев (1-орын) жетекші орындарға ие болды. Atyrau Open турнирінде жеңімпаз атанған ардагерлер арасында Айтқали Ізбасаров (3-орын), Есей Хусайынов (2-орын), Әзидолла Хамиев (1-орын) бар.
Atyrau Juniors  турнирінің нәтижесінде 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша жүлделі орындар берілді. Фестивальдің ең жас қатысушысы 4 жасар Қайрат Абдул-Мәлікке Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи 200 000 теңгенің сертификатын табыс етті.
Блиц-турнирге келетін болсақ, онда Павел Понкратов, Фаррух Амонатов және Сергей Тивьяков жеңіске жетті. Сондай-ақ екі қатысушы – Батырхан Шеруен мен Әмірәлі Абзалға Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқуға грант түріндегі арнайы сыйлығы бұйырды. Турнирлерден басқа, шеберлік сабақтары және түрлі ойын өтті. Сонымен қатар  бағдарламада халықаралық арбитрлердің бірінші семинары болды, онда қатысушылар емтиханнан сәтті өткеннен кейін FIDE төрешісі атағын алу мүмкіндігін алды. Семинардың 6 студенті бұл үшін қажетті ұпай санын жинап үлгерді.  width= Фестивальдің жабылу салтанатында сөз алған Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жеңімпаздарды құттықтап, атақты қазақ шахматшысы, бірнеше дүркін әлем чемпионы, ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі Динара Сәдуақасоваға іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар аймақ басшысы фестиваль дәстүрлі түрде өтуі керегін атап өтіп, барлық қатысушыны келесі жылы алаңға қайта оралуға шақырды. Динара Сәдуақасова да өз кезегінде фестивальге қатысушыларға алғысын білдірді.
«Сіздер осында бірегей өмірлік және кәсіби тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдыңыздар деп үміттенемін, оның құндылығы кез келген істе маңызды рөл атқарады. Фестивальдің барлық қатысушысына өз алғысымды білдіремін!», - деп атап өтті Д.Сәдуақасова.
Жабылу рәсімінің соңында алғыс хаттар мен естелік сертификаттар табыс етілді. Сонымен қатар ардагерлер мен балалар арасындағы барлық жеңімпазға Динара Сәдуақасованың қазақ және орыс тілдеріндегі «Шахматтағы алғашқы қадамдар» кітабы сыйлыққа берілді.