дүйсенбі, 7 сәуір, 2025

Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуы табылды

/
ашық дереккөзі
Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуы табылды Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының бірлесіп жүргізген Архангай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедициясы жұмыс­тарының нәтижесінде Елтеріс қағанға арналған кешен табылды. Бұл туралы бүгін Ұланбатыр қала­сын­да Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Ар­хео­логия институтының бірлесіп Номғон ал­қа­бында жүргізген ғылыми археологиялық экс­педициясының нәтижелеріне арналған баспасөз мәжілісінде академия басшысы Д. Қыдырәлі мәлімдеді. Кешеннің жалпы аумағы 49х41.5 метр жерді алып жатыр. Батыстан шы­ғысқа қарай сопақша болып созыла ор­наласқан кешенді айналдыра қоршап ор қа­зып, одан шыққан топырақты үйіп қамал жа­саған. Кешеннің батыс жағында ортасында ойы­ғы бар текше тас (альтар), адамның тас мү­сіндері, қасында екі күшігі бар арыстан мү­сіні және екі қой мүсіні орналасқан. Ке­шеннің қақпасынан шығысқа қарай 51 бал­бал тас тізіле орналасқан. Олардың ішін­де бес балбалдан Ашина әулетіне тие­сілі «таутеке» таңбасы анықталды. Сонымен қатар кешенде барықтың (та­быну орны) болғанын айқындай­тын қыш жабындылар мен жаяу жүргінші жо­лына төселген кірпіштердің қалдықтары қа­зылып алынды. Барықтың алдынан еңселі жазба ес­керт­кіштің жоғарғы бөлігі мен тас­бақа тұғыры табылды. Табылған құнды ол­­жаның екі бетінде 12 жолдан тұратын кө­не түрік бітік жазуы, ал үшінші қырында кө­не соғды жазуы қашалған. Экспедицияға қа­тысушы ғалымдар ескерткіш мәтініннен «Тәңір», «түрк», «Құтлық», «түмен» секілді бір­қатар сөзді анықтады. Жазба мәтіннен алын­ған мәліметтерге сүйене отырып, Ном­гон кешенін Күлтегін мен Білге қаған­ның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаң­ғыр­тушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған де­ген тұжырым жасалып отыр. Бұған қоса, бі­тіктас «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне түркі дәуірінің жазба ескерткіші са­налады. Жалпы алғанда, Номғон ғұрыптық кешені барлық белгісі жағынан Біл­ге қаған мен Күлтегін ғұрыптық ке­шен­дері­не ұқсас. Номғон жазба ескерткішінің жо­ғарғы тұсында төмен қараған денесі ай­даһар бейнесіндегі екі бөрінің басы бей­неленген. Дәл осындай қағандық атри­бути­ка­лардың — айдаһар денелі, бөрі басты сю­жеттің Таспар қаған, Білге, Күлтегін және бас­қа ескерткіштерінің жоғарғы тұсында қа­шалғаны белгілі. Номгон жазуы Орхон ескерткіштері сынды мемлекеттік деңгей­дегі маңызды ескерткіш саналады. Академия Номғон ғылыми экспе­ди­ция­сының нәтижелеріне арналған ғылыми жи­нақ әзірлеп, түркі мемлкеттерінің аста­на­ларында таныстыратын болады. Моң­ғо­лия­дағы түркі дәуірінің ескерткіштерінде қаз­ба жұмыстары алдағы уақытта жалғаса береді. Айта кету керек, Номғон жазығындағы зерт­теу жұмыстары 2019 жылы басталған бо­латын. Алайда «COVID-19» пандемиясы сал­дарынан екі жыл бойы тоқтап қалған «Ном­гон» бірлескен экспедициясы 2022 жыл­дың шілде айында қазба жұмыстарын қай­та жалғастырды. «Номгон-2022» бірлескен экспедиция­ның құрамында Халықаралық Түркі ака­де­миясының президенті Дархан Қыдырәлі, бел­гілі түрколог Нәпіл Базылхан, Нұрболат Бө­генбаев, Моңғолия ҒА Археология инс­ти­туты Археологиялық зерттеу орта­лы­ғының директоры, академик Дамдин­сүрэн­гийн­ Цэвээндорж (1949-2022), Моңғолия ҒА Тарих, археология институты Орта­ға­сырлық археологиялық зерттеу орталы­ғы­ның жетекшісі Алтангэрэлийн Энхтөр, ар­хеолог­тар Цэрэнхандын Буянхишиг, Гон­­чи­гийн Батболд және Нарантуяагийн Цэнгэл, Мөнхсайханы Ууганбаяр археоло­гиялық зерттеу жұмыстарына қатысты. Бұған дейін Түркі академиясы Моң­ғо­лиядағы Шивээт-улан ескерткі­шін­де археологиялық қазба жұмыстарын жүр­гізді. 2016 жылы аталған алқапқа ар­найы экспедиция ұйымдастырды. Құтлық қа­ғанның тұсында салынған салтанатты ке­шеннен таңбалар, түрлі артефакті та­бы­лып, олардың мерзімі анықталды. 2018 жы­лы кешеннің жан-жағы қоршалып, қам­қорлыққа алынды. Осы жұмыстардың жал­ғасы ретінде 2019 жылы Номғон экс­пе­дициясы басталды.

Б.БАЛЫҚБАЙ

Бөлісу: