«Бүгін Украина елінің тәуелсіздік алған күні екен. Украина еліне тәуелсіздігінің ұзақ болуын және жеңіс тілейміз. Еліміздегі Украина елшісі Петр Врублевский мырза біздің аяқ киімге қызығып, кәсіпкер Арман Шораев ағамыз арқылы ұлттық етік тіктіріп алды» деп жазды шебер.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірген еді.
СІМ қызметкерлері Петр Врублевскийдің 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзаировқа берген сұхбатында айтқан сөздеріне байланысты наразылық білдірген.