Елордада курьерді ағашпен ұрған жігіттің видеосы тарады

Елордада курьерді ағашпен ұрған жігіттің видеосы тарады

Елордада курьерді ағашпен ұрған жігіттің видеосы тарады
ашық дереккөзі
Оқиға астанадағы Мәңгілік ел даңғылының бойында болған деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктен түскен жігіттердің бірі Glovo сөмкесін асынған жігітті аяусыз ағашпен ұрғылай жөнелгенін көруге болады. Полицейлер «Бұзақылық» бабымен тергеу басталғанын, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылатынын айтты.
«Осы жылдың 22 тамызында сағат 19:50 шамасында полицияға Subaru көлігін мінген төрт жігіт сары сөмке асынған курьерді соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - деді полицейлер.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)