Ел қоржынына грек-рим күресінен үш медаль түсті

Ел қоржынына грек-рим күресінен үш медаль түсті

Ел қоржынына грек-рим күресінен үш медаль түсті
ашық дереккөзі
Софияда (Болгария) грек-рим күресінен U20 әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасының активінде үш медаль бар деп хабарлады turkystan.kz ҰОК сілтеме жасап. Ең жақсы нәтиже Юсуф Мациевке тиесілі. 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуан күміс медальға ие болды. Дінмұхамед Қошқар (67 келіге дейін) мен Мақсат Сайлау (87 келіге дейін) әлем біріншілігін үшінші орында аяқтады. Командалық есепте қазақстандық команда алтыншы орында. Командалық кестені Иран бастап тұр, екінші орын - Әзербайжанда, Украина - үшінші орында.