Абай, Жетісу және Ұлытау облысынан Сенат депутатын сайлау өтеді

Абай, Жетісу және Ұлытау облысынан Сенат депутатын сайлау өтеді

Абай, Жетісу және Ұлытау облысынан Сенат депутатын сайлау өтеді
ашық дереккөзі
24 тамызда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді деп хабарлады turkystan.kz ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сенат депутаттарын таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11.00-де (елорда уақытымен) басталады. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда таңдаушыларды тіркеу сағат 10.00-де (елорда уақытымен) басталады. Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болып отыр. Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаттары енгізілген. Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында төмендегі сілтемелер бойынша онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады. Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-арнасында жарияланып отырады - https://t.me/electionelection.