50220
Талдықорғанда әйелді соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр
Талдықорғанда әйелді соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр

Талдықорғанда ер адам әйелді соққыға жыққан. Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Видео әлеуметтік желілерде 20 тамызда жарияланған. Кадрлардан ер адам көшеде отырған әйелді бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Кейін ол оны ғимаратқа кіргізуге тырысады.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің өкілі видеодағы ер адамды іздеу жұмыстары басталғанын айтты.Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Бұл оқиға 20 тамызда кешке Талдықорғандағы Қабанбай батыр көшесінде, ақын Сара көшесіне жақын маңда болған. Қалалық полицияға хабар, арыз түскен жоқ. Бұл дерек бойынша жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған қажет іс-шаралар ұйымдастырылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.Полиция зардап шеккен әйел мен оқиға куәгерлерінен 102-ге хабарласуды сұрайды.