Сейсенбі, 27 Қыркүйек, 2022

Іш киіміне дәрілік препарат жасырған тұрғын ұсталды

Ол 12 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Атырау облысындағы ҚАЖД УГ-157/1 мекемесіне (тергеу изоляторы) күйеуіне келген деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған азаматшаның күйеуі ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша бас бостандығынан айырылған. Мекемеге тыйым салынған заттарды алып өткені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы жазбаша түрде ескертілгеннен кейін азаматша И.М-ға жеке тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында іш киімінен «трамадол» деген жазуы бар 15 дана дәрілік препараттар табылып, тәркіленді. Осылайша, азаматша И.М. тыйым салынған заттарды мекеменің режимдік объектісіне айла-амалмен апаруға тырысқан. Аталған факті бойынша Атырау қаласы ПБ тергеу-жедел тобы шақырылып, тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Іш киіміне дәрілік препарат жасырған тұрғын ұсталды

 

 

Back to top button