Трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды

Трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды

Трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды
ашық дереккөзі
Алматыда трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Белгілі болғандай, 30 таблетка трамадол мен 7 бөтелке тропикамидті 19 жастағы қала тұрғыны рецептсіз сатып алған.
«Допингтің» барлық жиынтығы үшін 19 жастағы Т. есімді азаматша фармацевтке 9 мың теңге берген. Екі тарап – сатушы да, сатып алушы да жауапқа тартылды. Дәрілік заттарды рецептсіз сату дерегі ҚР ӘҚбК-нің 426-бабына сәйкес тіркелді. Өндірістік материалдар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.